Дін мен қоғам – егіз ұйым

Діні әлсіз мемлекеттің рухы берік болмайды. Ата-бабаларымыз осынау ұлан- байтақ жерімізді қасық қаны қалғанша қорғап, ұр¬пағына аманат етті. Сол аманаттың иесі Тәуел¬сіз Қазақстанның азаматтары десек, қа¬зіргі таңда ұлтымызға, болашағымызға, бір¬лігімізге, ел болып дамуымызға зардабын тигізетін кереғар ағымдар белең алуда. Сол се¬бепті де діни экст¬ремизмнің алдын алу мақсатында ақпараттық-үгіт насихат тобы жұмыс жасап келеді. Осы орайда аталмыш топ өткен аптада қаламызда ауданчдық білім беру қызметкерлерімен арнайы кездесу өткізді. Жиынға аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары Ольга Цой, аудандық дінаралық қатынастарды зерттеу және талдау бойынша нұсқаушы Айнаш Асқарова және аудандық қоғамдық кеңестің төрайымы Наталья Филиппенко қатысты.

Алқалы отырыста бірінші болып сөз алған қоғамдық кеңес төрайымы Н.Филиппенко кездесу барысында мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы басым міндеттерді түсіндіріп өтті. Президент Жолдауындағы бес негізгі басымдықтарды талқылай келіп, елімізді жаңғырту және одан әрі демократияландыру үшін ең алдымен ауқымды қоғамдық қолдау және мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіру қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ жиын барысында Ислам дінінен кереғар жат пиғылды діни ағымдардың жастар санасын улайтын зиянды насихаттары мен әрекеттері кеңінен сөз болды. Аудандық дінаралық қатынастарды зерттеу және талдау бойынша нұсқаушысы  Айнаш Асқарова ислам діні, тарихы, шариат, дәстүрлі емес діни бағыттар туралы кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ өскелең ұрпақты рухани жағынан тәрбиелеу мәселесін де жіті бақылауда ұстау қажет дей келе жастардың діни білімдерінің сауатсыздықтарының нәтижесінде адасып жатқандарына тоқталды. Әңгіме барысында олардың діни сауаттылығы бүгінгідей қоғамда өте маңызды екені айтылды. «Қазіргі кезде дәстүрлі діндердің атын жамылып, ел арасына іріткі салып жүрген теріс діни ағымдар адамзат қоғамына қауіп төндіруде. Жастардың осы жолға бой алдыруының негізгі себебі – діни сауатсыздық, ақпараттың жетіспеушілігі және көп нәрсеге немқұрайлы қарауы. Олар дін жолына түстім деп ата-анасынан, достарынан, жалпы қоғамнан алшақтап, өз дегенін ғана ақиқат санап, айналасындағыларға, тіпті мешіт имамдарына күдік келтіреді. Мұндай жағдайға тап болмас үшін қоғамға діни сауаттылық қажет. Ислам радикалды және дәстүрлі деп екіге бөлінбейді. Ол бейбітшілікті насихаттайтын дін. Ал енді басына орамал таққан, сақалын өсірген, балағын кескен адамдардың барлығын бірдей адасқан ағымдар мүшесі деп айту адамгершілікке  жатпайды. Әрине, ондай адамдарға күдікпен қарауға болады, дегенмен алдымен олармен сөйлесіп, арнайы сұрақтар қойып, берген жауабына қарап отырып байқаймыз. Егер жат ағымның мүшесі болса, онда оларға адасып жүргендіктерін жұмсақ мінезбен, хикметпен айтып түсіндіру керек, ғылыми тұрғыда көздерін ашу керек» деді.

Жалпы ақпараттық үгіт-насихат тобының мұндай кездесулерді ұйымдастырудағы  мақсаты – жас ұрпақты отансүйгіштікке, имандылыққа, патриотизмге, мәдениеттілікке, ұлтжандылыққа, этикаға тәрбиелеу, елімізде тұратын халықтардың озық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын ескере отырып,  исламның шынайы игілікті рухани байлықтарын насихаттау. Кездесу соңында жиынға қатысушылар осындай тағылымы мол сұхбат алаңы жиі өткізілсе деген тілектерін білдірді.

Меруерт СӘЛІМҚЫЗЫ

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *