Рухани құндылығы мол шара

Орыстың ұлы ақыны М. Лермантовтың «Дін – бар болғаны адамгершіліктің формуласы» деген қанатты сөз бар. Дін – мәдениетімізді, салт-санамызды қалыптастыратын өркениеттің негізі. Ал сол өркениеттің рухани құндылықтарын адамзат бойына сіңіре білсек – жаратушыға бір табан жақындайтынымыз ақиқат. Оның ішінде он екі айдың сұлтаны – рамазан айының орны бөлек. Осыған орай қаламыздағы мәдениет үйінде жыл бойы күткен сауаптың сарқылмайтын бұлағы, рухани кемелдену маусымы оразаға арналған «Сағындық сені, Рамазан!» атты сауабы мол рухани шара ұйымдастырылды.  Рухани кеш қасиетті Құран оқылудан басталды. Ізгілік пен игілікті насихаттаған шараның басты қонақтары Қарағанды орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы, Қарағанды облыстық мешітінің бірінші орынбасары Серік Құрманов пен наиб имам Жанболат Қошкелді, Арқа айтысы ақындар мен жыршылар мектебінің жетекшісі, айтыскер ақын Айтпай  Ботпайұлы аудандық мешіттің бас имамы Аманбол қажы Рымқұлы болды. Рухани кештің қонақтары жиылған қауымға рамазан айының қадыр қасиетінен уағыз айтты.

-Алла елшісі (с.ғ.с) шағбан айының соңғы күндерінде айтқан құтбасында бізге: «Ей, адамдар, ұлы және қасиетті ай жақындады, төбелеріңе көлеңкесі түсті. Бұл айда мың айдан да қадірлі Қадір түні бар. Алла сол қасиеттің айдың күндізінде оразаны парыз қылды, түндерінде нәпіл намазын заңды қылды. Бұл айда үлкенді кішілі жақсылық жасаған адам басқа айларда бір парызды орындағандай сауап алады. Бейбітшілігі жарасым тапқан туған жеріміз бен отанымыздың амандығые тілей отырып, осындай нығметтер жасырынған айдың қадірін біліп, әрбір сауапты сәтінен құр қалмайық ағайын! , — деді аудандық орталық мешітінің бас имамы Аманбол қажы Рымқұлұы.

Рухани шара барысында рамазанған арналған өлеңдер оқылып, әндер шырқалды. Кеш соңында орталық мешіт өкілдері жиылған жамағатты қасиетті рамазан айы мерекесімен құттықтап, жаратушы хаһтан барша қауымға қуаныш, отбасыларына береке бірлік, отанымызға гүлдену мен өркендеу, дінімізге қуат, барша мұсылмандарға тыныштық пен шаттық тіледі.

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *