АУДАНДАҒЫ ДІНИ АХУАЛ

Аудандық әкімдікте діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті  отырысы өтті. Аудан әкімі Бауыржан Асановтың төрағалығымен өткен жиында, аудан көлемінде дін саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу және оның салдарын жою бағытында атқарылған   жұмыстары қаралды.

Негізінен бұл жиын биылғы жылдың соңғы отырысы болды. Сол себепті, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бас шысының орынбасары О.Цой діни мәселелер бойынша аудандық түсіндіру жұмыс тобының қызметі туралы ақпарат берді.

Бұдан кейін Құрма ауылдық округінің әкімі Ж.Жұмаділ және Ақбастау ауылдық округінің әкімі Р.Тұяқбаев ауылдық округте діни мәселенің және конфессия аралық келісімді насихаттау жөнінде баяндама жасады.

Бұл ауылдарда қазіргі таңда жаңадан мешіттіңқұрылысы жүріп жатыр. Бірнеше жылға созылған құрылыс нысандарын заң жүзінде барлық құжаттарын тіркеп, уақытылы ғимаратты табыстау керектігін аудан әкімі қадап айтты. Бұл нысандарды салып жатқан басшыларға қатаң түрде ескерту жасау керектігін тапсырды.

Отырыс соңын қортындылаған аудан басшысы аудандағы дін төңірегіндегі жұмыстарды қатаң бақылауға алып, мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру шараларын күшейтуді тапсырды. Жәнеде келесі жылға арналған жылдық жоспарды келесі аптаға дейін бекітуді тапсырды.

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *