ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

Адамды адам ететін адамгершілік қасиеттерінің ең озық үлгілерінің жинағы – ұлттың тарихы мен дәстүрі, мәдениеті мен өнері, діні мен тілі. Жақсы амалдарын жасаған Ақбастау ауылының демеушілердің көмегімен өткен аптада мінәжат орнының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Алла үйінің тұсауы қасиетті санайтын жұма күні кесілді. Сәулетті құрылыс қасиетті мекен ғана емес, жергілікті көрнекті мәдени нысанға да айналды.

Ашылу рәсімі Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы, Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы, Қарағанды Орталық мешітінің бас имамы Бекқожа Өмірзақ қажы Қазкенұлының құран оқуымен басталды. Игілікті шараға мешіттің салынуына демеуші болған Нұржан Ибрвһимұлы имановтың әкесі Ибраһим Әлжанұлы Иманов, ауыл ақсақалдары, аудандық мешіттің имамдары қатысты.

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *