Мешіт асханасының ашылуы

Осы аптада аудандық мешіт ғимаратының жанынан көпшілікке арналған асхана ғимараты ашылды. Асхананың ашылу салтанатына аудан әкімі Б.Асанов, Қарағанды облысының өкіл имамы Ө.Бекқожа және басқа да құрметті қонақтар қатысты. Асхананың салыну жолында демеушілік жасаған бірнеше азамат құрмет грамоталарымен марапатталды. Бұл ғимаратта аудан тұрғындары түрлі діни, дәстүрлі шараларға, атаулы күндерге орай ас беруіне болады. Бұл, әсіресе, Абай қаласының тұрғындары бұрыннан бері салынуына ниет қойып келе жатқан ғимарат болатын.

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *