Халқымыз үшін зиялы

Халқымыз үшін зиялы қауымның орны қашанда ерекше. Ұлт тағдыры сынға түскен сәтте көзі ашық азаматтар әрдайым көш бастаған. Адамдарға жөн сілтеп, жастарға бағыт-бағдар берген. Ел ағалары бір ауыз сөзбен тентегін тыйып, тектісін төрге отырғызған. Біз қанымызға сіңген осы қасиеттен айырылмауымыз қажет. Қазір ғаламтор дәуірі. Ондағы бейберекет ақпарат ұрпақтың санасын улап жатыр. Бір сәттік танымалдықты көрсететін тамырсыз идеялар жаппай белең алуда. Дәл осы кезеңде ұлт зиялыларының ұстанымы және белсенділігі айрықша маңызды. Зиялылардың еңбегі марапатымен емес, салиқалы сөзімен және нақты ісімен бағаланады — дейді мемлекет басшысы өз жолдауында. Жыл сайын асыға күткен бұл жолдауда көптеген түйткілді мәселелер бар. Тек айтылвған мәселелерді жүзеге асырып, ел дамуына ат салысу.

Садикова Айнаш

Жауап беру

Сіздің почтаңыз көрсетілмейді. Обязательные поля помечены *